Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында есірткілік мас күйде ГАЗель басқарған жүргізуші анықталды

Ақмола облысында есірткілік мас күйде ГАЗель басқарған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 желтоқсанда шамамен сағат 23:10-да “Автобус” республикалық ЖААІШ аясында патрульдік полиция ротасының “Бақай 5П1” экипажының қызметкерлері Екатеринбург – Алматы автожолының 1212 шақырымында жол жүрісін қадағалау кезінде Егіндікөл ауылының 46 жастағы тұрғынының басқаруымен ГАЗель көлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің мінез-құлқы мен сыртқы келбеті полицейлердің күдігін тудырды: қозғалыс пен сөйлеу мәнері бұзылған, көз қарашықтары кеңейген.

Полиция қызметкерлері Әбілдин Думан мен Мұратов Ернат бұл азаматты көлік құралын басқарудан шеттетті. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ақмолалық марихуананы қолданудан туындаған есірткілі мас күйінде болған.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (Көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Айта кететін жайт, көлікте жолаушылар болмаған, жүргізуші астық өнімдерін Егіндікөлден Астанаға тасымалдаған. 7 желтоқсанда Целиноград аудандық сотының шешімімен бұл азамат 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру