Петропавлда скутер жүргізушісі жол-көлік оқиғасынан соң ауруханаға жеткізілді
Петропавлда скутер жүргізушісі жол-көлік оқиғасынан соң ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 шілде күні сағат 23.10 шамасында Жамбыл және Интернациональная көшелерінің қиылысында Toyota RAV4 автомашинасы мен скутер соқтығысты. 36 жастағы скутер жүргізушісі түрлі жарақатпен қаладағы медициналық мекемелердің біріне жатқызылды. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, Toyota RAV4 жүргізушісі ішімдік ішпеген. Автомашина арнайы тұраққа қойылды.
Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімен енгізілді. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Анықтау жұмыстары жүргізілуде.
– Жол қиылысы – елді-мекендердегі көше-жол желісінің қауіпті учаскелерінің бірі. Бұндай жерлерден өтер кезде Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтаған абзал. Әсіресе, бағдаршам істен шыққан кезде, не болмаса олар жоқ учаскелерде басымдық белгілеріне назар аудару қажет. Олардың талабын елемеу ауыр салдарға алып келуі мүмкін. Сондай-ақ, барлық көлік құралдарының жүргізушілері ауа райы күрт өзгерген кезде сақ болуы қажет. Барлық жүргізушілерді қауіпсіз арақашықтық пен жылдамдық режимін сақтауға шақырамыз. Маневрлер жасағанда кезде барынша сақ болыңыздар, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.
Жыл басынан өңірде көше қиылыстарынан өту ережелерін бұзу себеп болған 9 жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 19 адам зардап шекті.