Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда түнгі уақытта тыныштықты бұзу бойынша мыңнан астам қоңырау келіп түскен

Петропавлда түнгі уақытта тыныштықты бұзу бойынша мыңнан астам қоңырау келіп түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнде тыныштықты бұзу фактілері, әсіресе жазғы кезеңде жиілей түседі. Пәтерлерде жүргізілетін жөндеу жұмыстары, қабырға сыртындағы әуен, терезе астында шулаған адамдар – мұның бәрі айналадағы адамдардың мазасын алады, балалардың, зейнеткерлер мен жұмыс істейтін адамдардың жақсы демалуына кедергі келтіреді. Өткен жексенбіде түнгі сағат екі шамасында «102» арнасына Уәлиханов көшесіндегі аулалардың бірінде адамдардың шулап жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына келген полицейлер төрт ер адамды анықтады. Олардың бірі масаң күйінде қатты шу шығарған. Нәтижесінде қала тұрғыны 437-бап (Тыныштықты бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицейлер алдағы уақытта осындай фактілерді болдырмау үшін олармен профилактикалық әңгіме жүргізді.

– Өткен демалыс күндері қалалық полиция қызметкерлері тыныштықты бұзу туралы 5 хабарламаға ден қойған. Естеріңізге сала кетейік, жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шулауға тыйым салынады. Егер сіз түнде тыныштықты бұзу фактісіне кезіксеңіз, учаскелік полиция инспекторларына хабарласыңыз немесе 102 арнасына қоңырау шалыңыз, – деп атап өтті Петропавл қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдуллин.

Жыл басынан облыс орталығында полицейлер түнгі уақытта тыныштықты бұзу фактісі бойынша 1171 қоңырау қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру