Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік аударылып қалды

Петропавлда жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік аударылып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қыркүйек сағат 11:00 шамасында Петропавл айналма жолында «Теплый канал» маңында облыстың 62 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан Audi 80 және Toyota Hilux Surf автокөліктері соқтығысып қалды.

Соқтығысу салдарынан Toyota Hilux Surf автокөлігінің 59 жастағы жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, аударылды.

Зардап шеккендер жоқ. Медициналық куәландыру нәтижелеріне сәйкес екі жүргізуші де масаң күйде болмаған.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша материал жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді.

Полицейлер жүргізушілерге, жаяу жүргіншілерге және велосипедшілерге жол ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Маусымаралық кезеңде көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылап, жылдамдық режимін сақтау қажет. Оқу жылының басталуымен көшеде балалар саны артты, оқушылардың барлығы бірдей жаяу жүргіншілер өткелінен өту тәртібін білмейді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары кішкентай жаяу жүргіншілерге ерекше назар аударуды сұрайды.

Жыл басынан бері облыс жолдарында 193 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 25 адам қаза тауып, 287 адам жарақаттар алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру