Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда жол жүрісі қағидаларын бұзған 200-ден астам жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды

Петропавлда бір аптада жол жүрісі қағидаларын бұзған 200 астам жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қалалық полиция басқармасының құрамындағы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жұмыс істеуді жалғастырып жатыр.

Ел аумағында 5 ақпанда басталған іс-шараның басынан қалалық патрульдік полицейлер Жол жүрісі қағидаларының түрлі бұзушылықтарын жасаған 695 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, олардың 219-ы – жаяу жүргіншілер.

Жаяу жүргіншілер тарапынан болатын бұзушылықтарды ескертуден бөлек, көлік ішіндегі қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбау фактілеріне жол бермеуге де ерекше көңіл бөлінеді. Жедел-профилактикалық іс-шараның алты күні ішінде кәмелет жасына толмаған жолаушыларға арналған арнайы құрылғыларды пайдаланбағаны үшін 10 жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

“Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы 29 ақпанда аяқталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру