Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда жыл басынан бері 39 дүкен ұрлығы тіркелді

Петропавлда жыл басынан бері 39 дүкен ұрлығы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл полицейлерінің айтуынша, дүкендердегі ұрлық мүліктік қылмыстардың жалпы санының бестен бір бөлігін құрайды.

Киім, шұжық, құлаққап – дүкен ұрылары асқан талғампаздығымен ерекшеленбейді және тез сатылатын және көлемі кішкентай тауарларды таңдап жатады. Біраз уақыт бұрын қымбат шоколад қылмыскерлер арасында “танымал” болған, жақында супермаркеттерде алкогольдік ішімдіктерді ұрлау жиі орын алып жатыр. Сонымен қатар жеке пайдалану үшін тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлау іс жүзінде кездеспейді. Полицейлердің тәжірибесі көрсетіп жатқандай, мұндай қылмыстық теріс қылықтардың едәуір бөлігін наркологиялық есепте тұрған адамдар жасайды.

– Бейнебақылау жүйелерін кеңінен енгізу сауда объектілеріндегі ұрлықтың ашылуын едәуір жеңілдетеді. Супермаркеттердің қауіпсіздік қызметтері маңызды рөл атқарады. Жыл басынан бері облыс орталығының дүкендерінде 201 ұрлық тіркелді. Оның 39-ы дүкендерде, негізінен супермаркеттерде орын алған. Қазіргі уақытта 10 факт бойынша материалдар сотқа берілді. Қылмыс құрамының болмауына байланысты үш іс тоқтатылды. Алты дерек бойынша жедел-іздестіру, қалғандары бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – дейді Петропавл қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Дархан Зияфиддин.

Полицейлер еске салады: Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 187-бабына сәйкес, ұсақ-түйек жымқыру сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру