Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдағы өнер колледжінде студенттер мен полицейлер есірткіге қарсы концерт ұйымдастырды

Өмірде қиындыққа тап болып, есірткімен мәселені шешпек болған жастар өмірлеріне балта шабады. Бұдан соң қалыпты өмірге оралу қиынға түседі. Бұны мамандар Петропавлдағы Е.Серкебаев атындағы өнер колледжінің студенттеріне түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Колледждің мәжіліс залының сахнасында полицейлердің, ұстаздар мен оқушылардың күшімен ұйымдастырылған есірткіге қарсы концерт өтті. Шығармашылық дарынды жігіттер мен қыздар жолдастарына ән, музыка және би нөмірлерін ұсынды. Сондай-ақ жастар алдында СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, психикалық денсаулық орталығының қызметкерлері, спортшылар сөз сөйледі.

Полицейлер атап өткендей, бұндағы мақсат – есірткіден аулақ болып, жарқын, салауатты өмірді таңдау. Іс-шара қонақтарының бірі, каратэден әлем чемпионатының жүлдегері Сәния Жақанның айтуынша, салауатты өмір салты дегеніміз – тек кәсіби спорт қана емес, өзінің денсаулығы мен өміріне бейжай қарамайтын адамның күнделікті әдеті. Бұдан бөлек, көрермендерге психотроптық заттардың зияны туралы бейнероликтер көрсетілді.

– Нашақорлықтың алдын алуда жастармен әртүрлі сипаттағы жұмыстар жүргізіледі. 17-21 сәуір аралығында өткізілген “Өрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында концерттен басқа, әкімдікпен бірлесіп, белсенді еріктілердің қатысуымен ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. Жастар ресурстық орталығымен бірге “тәуекел тобындағы” жасөспірімдерге арналған дөңгелек үстел өткзілді. Осы 5 күнде жедел жұмыс та күшейтілді. 11 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның екеуі есірткі заттарын өткізу фактісі болды, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру