Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдағы шағын ауданды эвакуациялауға кавалерия мен облыстық полиция аппараты жұмылдырылды

Петропавлдағы шағын ауданды эвакуациялауға кавалерия мен облыстық полиция аппараты жұмылдырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлға үлкен көлемдегі су жақындап қалғандықтан қала шетіндегі Заречный кентін эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалалық полиция басқармасына СҚО полиция департаменті аппаратының 200 адамнан асатын жеке құрамы көмекке келді. Таңата салысымен плацта сап түзеген офицерлерге ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев нұсқамалық жүргізіп, азаматтарға барынша көмек көрсетуді, қайғылы оқиғаларға жол бермеуді тапсырды.

Заречный кентінде полиция қызметкерлерімен бірге соңғы күндері әкімдік қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер су тасқынының алдын алу шараларын жүргізіп жатыр. Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиевтің айтуынша, басты мақсат – адамдардың өмірін сақтап қалу. Алдыңғы күндері түсіндіру жұмыстары жүргізілді, төтенше жағдай туындаған кезде жасалатын әрекеттер алгоритмі айтылды.

Адамдар мен көлік өте алмайтын жерлерге жету үшін Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны құрамындағы кавалериялық бөлімшенің қызметкерлері жұмылдырылды. Оқыс оқиғаларды болдырмау үшін құқықтық тәртіпті, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер барлық қажетті шараларды жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру