Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдың ювеналдық полицейлері жыл басынан 15 көңіл-көтеру орнының иелерін жауапкершілікке тартты

Петропавлдың ювеналдық полицейлері жыл басынан 15 көңіл-көтеру орнының иелерін жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдердің бос уақыттары – ерекше бақылауда. Петропавлдық ювеналдық полицейлер осындай тапсырма алды. Рейдтік іс-шаралардың саны артылды, жасөспірімдер арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту бойынша жұмыс күшейтілді. Бұл, әсіресе қазір өзекті, жастар күн райының соңғы жылы күндерін пайдаланып, бос уақыттарын далада, топтасып көңілді өткізгілері келеді. Жасөспірімдердің бос уақыттарын бақылаусыз өткізулерінің соңы – заң бұзушылыққа әкеліп соғатыны полицейлерге жақсы мәлім.

Жыл басынан Петропавлда кәмелетке толмағандармен 12 қылмыстық жауаптылық көзделген теріс қылық жасалған. Оның бесеуі – ювеналдық полиция есебінде тұрған үш жасөспіріммен жасалған. Біреуі 16 жасында бірнеше қылмыс жасап үлгерген: алты-дүкен ұрлығы, бір-тонау және басқа да заң бұзушылықтары бар. Жыл ішінде үшеуі арнайы білім беру мекемелеріне жіберілді.

– Жасөспірімдермен және оларға қатысты жасалған қылмыстарға жол бермеу үшін жыл басынан бес жедел-профилактикалық іс-шарасы мен акциялар, 123 рейд өткізілді, – деп хабарлайды қалалық ПБ ЖПҚ бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы Эльмира Абушева. – Балаларының түнгі уақытта қыдырғандары үшін – 528, тәрбие бойынша міндеттерін орындамағаны үшін – 134, балаларының спирттік ішімдік ішкендері үшін – 65 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Түнгі уақытта жасөспірімдер болған 15 көңіл-көтеру орнының иелеріне айыппұл салынды.

Сондай-ақ тұрғылықты жерлері бойынша тұрмысы қолайсыз отбасылар мен есепте тұрған жасөспірімдерді тексеру жүзеге асырылады. Тәртіп сақшылары білім беру мекемелерінде дәрістер оқып, әңгімелесулер жүргізеді, жасөспірімдерге нашақорлық, кибербуллинг сияқты заманауи қауіптерді ескерте отырып, заң алдындағы жауапкершіліктерін айтады. Осы орайда, полицейлер ата-аналарға проблемалардан қашпай, ушықтырып алмай уақтылы көмекке жүгіну қажет екенін еске салады. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлардың профилактикалық жұмыстары, педагог және психолог мамандардың қолдаулары қадағалаусыздықтың көптеген салдарын жояды. Жасөспірімдер тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мәселесін тек қоғаммен, мүдделі органдармен бірлесе шешуге болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру