Петропавлдық балалар полиция автопаркіне барды
Петропавлдық балалар полиция автопаркіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавлда онға жуық бүлдіршін Балаларды қорғау күнінде полиция автопаркіне барып қайтты. Патрульдік полиция батальонында барлық келем деушілерге есік айқара ашық екенін білген ата-аналар мерекелік күнді полиция бөлінісіне барудан бастаған.
Патрульдік полиция батальонының командирі Қанат Әлімжанов балаларға патрульдік автокөліктерді, станционарлық радиостанцияларды, сигналды-дыбыстық құрылғының жұмысын көрсетті.
– Балалар полицейлерден қорықпауы тиіс, олар полицейлерді қорғаушы ретінде қабылдап, сенуі керек. Бүгін олар бұған көз жеткізді, – деді ол.
Глеб Числовтың анасы іс-шара туралы әлеуметтік желілерден білген және екеуі полиция бөлінісіне қуана келген. Балақай каска мен полицейлердің кеудешесін киіп көрді. Ал үш жасар Давид Федоров полиция көліктеріне ерекше қызығушылық танытып, көліктен көлікке сирена дыбысын келтіре жүгірді.
– Біз полицейлердің бізді қорғайтынын білеміз, олар қылмыскерлерді ұстайды. Олар мейірімді, адамдарға көмектеседі, – деп полицейлер туралы пікірлерін білдірді кішкентай қонақтар.
Күн сайын Петропавл қаласындағы қоғамдық тәртіпті сақтауға 400-ге жуық полиция қызметкері шығады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – барлық полиция қызметкерлері үшін негізгі міндет.