Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пробация қызметінің инспекторлары “Аяла” қолдау орталығының тәрбиеленушілерін театрға апарды

Ақтөбеде пробация қызметінің инспекторлары “Аяла” балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерін театрға апарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспекторлары Балалар жылы аясында және 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай “Аяла” өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерін “Алақай” қуыршақ театрына апарды.

Пробация қызметкерлері бұл күнді асыға күткен балалармен бірге “Алақай” қуыршақ театрындағы “Анашым, қайдасың?” қойылымын тамашалады. Ізгілікке толы іс-шарада балалар қуыршақтармен еркін әңгімелесіп, ертегі кейіпкерлерінің сұрақтарына қуанышпен жауап берді және оларға қойылым ұнағаны жүздерінен байқалып тұрды.

– Жалпы, мұндай қамқорлыққа толы іс-шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз – “Аяла” өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне мереке қарсаңында көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, театрға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Өз кезегінде біздің өтінішімізге орай балаларды театрға апарып-әкелуге көлікпен қолдау көрсеткен КА-168/3 мекемесінің әкімшілігіне ұжым атынан алғыс білдіреміз, – дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспектор-психологы Нұргүл Төлегенова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру