Петропавлдық оқушыларға ІІО-да қызмет атқарудың артықшылықтары туралы айтылды
СҚО полиция департаментінде Петропавлдағы түрлі білім ошақтарынан келген 100-ге жуық жоғары сынып оқушысы М.Бөкенбаев атындағы ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтының өкілдерімен кездесті. Жоғары оқу орнының офицерлері оқуға түсу тәртібі, оқудың және полицияда қызмет етудің артықшылықтары туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе институты әкімшілік блоктың полиция қызметкерлерін дайындайды: әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметі. Оның түлектері учаскелік инспекторлар, патрульдік, ювеналдық полицейлер және басқа да қызметтердің қызметкерлері болады. Күнделікті қызмет барысында халықпен тығыз қарым-қатынас жасау жақсы құқықтық, дене шынықтыру және психологиялық дайындықты қажет етеді. Бұның барлығын жоғары оқу орны қамтамасыз етіп, үйретеді.
– Түлектерге кепілді қызметке орналасу қарастырылған, оқу кезеңі мерзімді әскери қызметке теңестіріледі және еңбек өтіліне кіреді. Курсанттар шәкіртақы алады, олар үшін жайлы жатақханада тегін тұру мүмкіндігі бар, бұдан бөлек, тамақпен, нысанды киім-кешекпен, медициналық қызмет көрсетумен, демалыс кезінде үйлеріне баруға және кері қайтуға тегін жол жүрумен қамтамасыз етіледі, – деді тактикалық-арнайы даярлық кафедрасының бастығы Асыланбек Мерғалиев.
Полицейлер үміткерлерге қойылатын талаптар туралы айтып, оқуға түсу үшін ақпан, мамыр айлары аралығында тұрғылықты жері бойынша полиция бөліміне жүгінуге болатынын еске салды.
Кездесуден кейін оқушылар СҚО полиция департаментінің ведомстволық музейіне барып, қызықты экскурсия барысында облыстың ішкі істер органдарының тарихымен танысты.
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары полицияға жұмысқа орналасудың барлық сұрақтары бойынша тұрғылықты жерлері бойынша полиция бөлімдерінен немесе облыстық полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасынан мына мекенжай бойынша кеңес алуына болады: Петропавл қ., Алматы к-сі, 55, 314 кабинет немесе Петропавл қ. ПБ Жұмабаев к-сі, 118 мекенжайы бойынша, сондай-ақ 8 (7152) 61-26-68, 39-48-05, 39-48-94 телефон нөмірлері арқылы.