Петропавлдық полицейлер жоғалған 82 жастағы қарияны іздеп тапты
Петропавлдық полицейлер жоғалған 82 жастағы қарияны іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-түзсіз жоғалудың әр фактісі бойынша өткізілетін іздестіру іс-шараларына полицияның барлық сыртқы қызметтері қатысады. Еріктілер әлеуметтік желілерде бағдарды орналастырып, белсенді түрде көмек көрсетеді. Есінен айырылған адамдарды іздестіру оңайға түспейді. Олар не істейді, қайда барады – алдын ала айту мүмкін емес. Осындай жағдайларда немесе кәмелетке толмағандар жоғалған кезде халықтың көмегі айтарлықтай септігін тигізеді. Адамдардың хабарламалары полицейлерге жоғалғандарды жылдам іздестіруге көмектесіп жатады.
Ал 25 тамыз күні танертең бейжай қарамайтын қала тұрғыны із-түзсіз жоғалған ретінде іздеуде болған, адасып жүрген егде жастағы адамды Солтүстік Қазақстан университеті ауданында байқаған, 82 жастағы қарияның жоғалуы туралы хабарлама полицияға алдыңғы күннің кешінде түскен болатын.
– Адамдардың бейжай қарамауы – құқықтық тәртіпті сақтауда аса маңызды. Есінен айырылған адамдардың туыстарына кәмелетке толмағандардың ата-аналарына берілетін кеңестерді береміз. Олардың ұялы телефондары үнемі қуаттандырылған күйде тұрғанын қадағалау керек. Егер де сіздің туысыңыз немесе балаңыз өзінің мекенжайын айта алатына сенімді болмасаңыз, оның қалтасына адамның аты-жөнін және өзіңіздің байланыс нөмірлері жазылған хатты салып беріңіз, – дейді Петропавл қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Дархан Зияфиддин.
Жыл басынан СҚО-да полицейлер із-түзсіз жоғалғандар туралы 309 хабарлама тіркеген, бүгінде 305-інің жүрген жері анықталған.