Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдық полицияға жүгінгені арқылы интернет-алаяқтардың әрекетінен аман қалды

Петропавлдық полицияға жүгінгені арқылы интернет-алаяқтардың әрекетінен аман қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО-да алаяқтардың өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып қоңырау шалу жағдайлары жиіледі. Олар банк қызметкерлерімен бірлесе, жұмысына адал емес менеджерлерді анықтау бойынша операцияны жүргізіп жатқанын алға тартады. Бұдан кейін сөйлесіп тұрған адамын «банк қызметкерімен» байланыстырады. Ол құпия деректерді қолға түсіруге әрекеттенеді немесе жәбірленушіні ақшасын «қауіпсіз шотқа» аударуға көндіреді, аталған шот шын мәнінде алаяқтарға тиесілі.

Дәл осылай алаяқтар Петропавл қаласының 54 жастағы тұрғынын құрығына түсірмекші болған. Оған қоңырау шалған адам өзін СҚО Полиция департаменті басшылығының өкілі ретінде таныстырған. Бұдан кейін қала тұрғынымен «банк қызметкері» сөйлескен. Ол қалалықты депозитіндегі бар қаражатты «резервтік шотқа» аударуға көндірмекші болған, бұл ақшасын қаскөйлерден қорғау мақсатында деп түсіндірген.

– Мен полицейлер адамдарды шақыру қағазы арқылы шақыратынын білемін, бұлай болмаған соң, бұл жағдай күдік тудырды. Қоңырау шалып тұрған адамдар өте сенімді сөйлеген, алайда, полицей мені қабылдаудан бас тартты дегенде, мен күмәнданып өзім СҚО Полиция департаментіне бардым, – дейді қырағы қала тұрғыны.

Ер адамды қабылдап, оның бұл әрекетін қолдаған. Соңғы бірнеше айда СҚО-да 30-дан астам жағдайда алаяқтар өздерін полицейлер ретінде таныстырған. Көп жағдайда олар Нұр-Сұлтан қаласынан хабарласып тұрғандай болады. Бірнеше жағдайда алаяқтар СҚО полициясында қызмет етіп жүрген полицейлер атынан сөйлеген. Полиция қызметкері хабарласып тұрғанына сендіру үшін алаяқтар Петропавлдың бір тұрғынына WhatsApp арқылы тіпті «электрондық шақыртуды» жіберген екен.

– Егер сізден картаңыздың деректерін, sms арқылы келетін қол жеткізу кодын, картаның сыртқы жағында орналасқан cvv-кодты біліп алуға әрекеттенсе, бірден әңгімені доғарғаныңыз жөн. Сізге шынымен полициядан хабарласқанына көз жеткізу үшін 102 нөміріне хабарласыңыз. Сондай-ақ, картада немесе банктің сайтында көрсетілген сенімді телефон нөміріне хабарласуға болады, – дейді облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру