«Пиротехника» Республикалық жедел алдын-алу шарасын өткізу нәтижелері
Қазақстан Республикасының ІІМ тапсырмасын, сондай-ақ ПД 2019 ж. 13 желтоқсанның 727 бұйрығын орындау үшін, азаматтық пиротехникалық заттарды заңсыз әкелу, сақтау, жүзеге асыру мен қолдануды анықтау және алдын алу мақсатында 2019 жылдың 17 желтоқсанынан бастап ағымдағы жылдың 3 қаңтарға дейінгі аралықта облыс аумағында «Пиротехника» жедел алдын-алу шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел алдын-алу шарасын жүргізу кезінде 87 бірлескен топ құрастырылды, полиция және өртке қарсы қызметтердің 319 қызметкерлері тартылды. Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, қолдану және тасымалдау қағидаралын сақтау бойынша 195 базар, 211 дүкен және басқа сату орындары тексеріледі.
Тұрғындары жүргізіліп жатқан жедел алдын-алу шарасы туралы ақпараттандыру мақсатында, сондай-ақ пиротехникалық заттарды қолдану кезінде жарақаттану фактілерін алдын алу үшін «Қазақстан-Көкшетау» облыстық телеарнасында азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау жөніндегі қызметші сөз сөйледі, тұрғындар көпшілігі жиналатын орындарда (Орталық базар, ХҚКО, ТЖ вокзалы, Авто вокзалы, Оқу орындары) орналастырылған ақпараттық буклеттер дайындалды. Баспасөз басылымдарда жеке және заңды тұлғалармен Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес пиротехникалық заттарды жүзеге асыру қағидаларын сақтау туралы 21 мақала жарияланды, соңғы ішінде облыс маңызы бар «Сүйікті қала», «Букпа», «Риск-Бизнес» газеттерінде басылып шығарылды.
ҚР ӘҚтК 196 б. «Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау», талартырын бұзумен байланысты өткізілген рейдттік іс-шаралар барысында 50 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Көкшетау қ. ПБ – 20, Целиноград–8, Бурабай–7, Атбасар және Жарқайын ПБ бойынша – үш-үштен, Степногорск ПБ – 2, Ақкөл –2, Астрахан, Есіл, Бұланды, Жақсы және Сандытау ПБ бойынша бір бірден). Жалпы 927 сертификатталынбаған пиротехникалық заттар алынды, 3 млн. 345 мың тенге мөлшерінде айыппұл салынды.
Шортанды және Еременетау ПБ жұмыс нәтижелері жоқ.
Жалпы алғанда, қолданылған іс шараларға байланысты пиротехникалық заттарды қолдану кезінде жарақаттанумен байланысты төтенше жағдайлар орын алған жоқ.