Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пойызда ішімдік ішкен екі әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Пойызда ішімдік ішкен екі әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 29 қаңтарда Қостанай – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызында орын алған. Қарағанды облысының Ақадыр станциясына келгеннен кейін жоғарыда аталған пойыз бастығының актісі бойынша жолаушылар түсіріліп, полиция қызметкерлеріне берілді.

Тексеру барысында көлік полицейлері Алматы қаласы мен Қарағанды облысының 50 және 55 жастағы тұрғындарын анықтады. Олар пойыз ішінде алкогольдік ішімдіктерді ішіп, басқа бір жолаушыға балағат сөздер айтқан, осылайша қоғамдық тәртіпті бұзған. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, олар “жеңіл және орташа дәрежелі” масаң күйде болған.

Тәртіп сақшылары құқық бұзушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 440-бабы және 434-бабы бойынша бірден екі әкімшілік хаттама толтырып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Сондай-ақ материалдар сотқа жолданды.

Айта кетейік, құқық бұзған жолаушы әйелдердің бірі бір жыл ішінде екінші рет алкогольдік ішімдіктерді ішкені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Ол он бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін пойыздардан акт бойынша 88 жолаушы түсірілді. Оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін – 76, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін төрт адам түсірілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру