Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицей аң аулау кезінде танысын атып жіберген

Полицей аң аулау кезінде танысын атып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі (Абайсызда қазаға ұшырату) бойынша қылмыстық іс тергелуде.

3 қыркүйек күні Хромтау ауданының кезекші бөліміне бір ер адам аң аулау кезінде өзінің танысын байқаусызда атып алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Полиция қызметкері демалыс күнінде танысымен аңшылыққа барған. Аң аулау кезінде байқаусызда өзіне тиесілі қарумен танысын атып алған, салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған.

Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру