Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер 2 ай бұрын жоғалған тұрғынның ұялы телефонын тауып берді

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның екі ай бұрын жоғалтқан ұялы телефонын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғыннан арыз түседі. Ол өз арызында осыдан екі ай алдын дәмхананың бірінде касса алдындағы сөреде ұялы телефонын қалдырып кетіп, бес минут өтер-өтпес қайтып келгенінде ұялы телефоны жоқ болып шыққанын жеткізді. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188- бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 114 мың теңгені құрайды.

Бұл ұрлық қылмысы бойынша полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын тексерді, барлық қажетті шараларды атқарды. Соның нәтижесінде күдікті азамат анықталып, ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.Тергеу барысында күдікті жәбірленушіден кейін дәмханаға келген тұрғын болып шықты. Ол ұялы телефонды өз қажеттілігі үшін алып, осы уақыт аралығында өзі қолданып жүргенін мойындады. Осылайша күдіктіден айғақты зат ретінде ұялы телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды. Күдіктінің бас шарасы қолхатпен босатылды. Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға ұялы телефондарыңыз бен әмияндарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Қалта ұрыларының көзіне бағалы заттарыңыз түспес үшін ішкі қалтатаңызға, аузы жабық сөмкеге салып қойыңыздар деп кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру