Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер 8 жастағы баланы үйіне қайтарды

Түркістан облысының полицейлері жоғалған баланы тауып, анасына тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Әйелдің
айтуынша, ол есік алдында ойнап жүрген сегіз жастағы ұлын жоғалтып алған. Өздері іздеп
таппаған соң, полицейлерге хабарласып, белгісіз бағытқа кетіп қалған ұлын тауып
беруге көмек сұраған.

Аталған жайтты полиция бөлімінде тіркеп, жоғалып кеткен жасөспірімді шұғыл іздеуге кірісті.
Оқиға орнына Жетісай АПБ ЖПҚ ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға УПИ полицей Әділхан Муфтиллаев пен Мейірхан Жетібаев шығып, анасынан баланың суреттерін алып, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Тәртіп сақшылары сол аумақтағы барлық көшелер мен аулаларды қарап шығып, куәгерлер мен өтіп бара жатқан адамдардан жауап алды. Екі сағатқа созылған іс-шаралар нәтижесінде, жоғалып кеткен бала өз үйінен алты көше ары қашықтықта адасып жүрген жерінен табылды. Полицейлер табылған жасөспірімді үйіне қайтарып, анасына аман-сау күйінде тапсырды.

Жасөспірімнің анасы Жетісай аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне алғысын білдірді.

– Аяқ асты ойнап жүріп жоқ болған баламды тауып әкеліп бергендеріне ризамын. Жұмыстарына табыс тілеймін. Әрқашан осылай халықтың қорғаны болып жүре беріңіздер, – дейді баласымен қайта қауышқан ана қуаныштан көзінен шыққан жасын жасыра алмай.

Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру