Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер аналарды Жеңіс күнімен құттықтап барды

Түркістан облысының полицейлері тыл ардагері, ақ жаулықты ананы және қызмет бабында қайтыс болған полицейдің жұбайын мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының Полиция департаменті Қазығұрт аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі қарсаңында аналардың үйіне барып, құттықтап шықты.

Бірінші кезекте соғыс жылдары тылда талмай еңбек етіп, елдің өркендеуіне үлес қосқан ақ жаулықты ана, тыл ардагері Райхан Қабылбекованың  үйіне барды. Қазығұрт аудандық полиция бөлімшесінің басшысы А.Ақшораев бағалы сыйлықтар мен гүл шоқтарын беріп, ардагерді мерекемен құттықтады.

А. Ақшораев өз сөзінде: «Сол бір қиын шақтарда теккен теріңіз бен еткен еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз. Ұзақ ғұмыр жасаңыз, біз сіздерге қашанда қарыздармыз. Ештеңе де, ешкімде ұмытылмақ емес»-деп лебізін білдірді.

Елеп-ескеріп құттықтап келген тәртіп сақшыларына тыл ардагері шынайы алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Қазығұрттық полицейлер қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан Атымтай Ахметовтың
шаңырағына барып, Атымтайдың жары Гулмира Ахметоваға бағалы сыйлықтар мен гүл шоқтарын беріп, Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.

Қиын да қауіпті салада абыройлы еңбек еткен полицей жайлы нақтырақ айтсақ; ол Қазығұрт АПБ уақытша ұстау изоляторының бұрынғы полицейі полиция аға сержанты лауазымында қызметте
болған. 2013 жылы 11 маусымда айдауыл қызметін атқару барысында айыпталушының қасақана салған түрлі дене жарақаттары салдарынан қайтыс болған. Өмірі ерте үзілген арда азамат, ішкі істер саласында 1991 жылдан бастап қызмет атқарған. Қызмет атқару барысында бірнеше медальдармен марапатталған.

Өмірден өткен полицейдің жары, қазығұрттық полицейлердің іс-әрекеттеріне риза болды.

«Сіздердің жұмыстарыңыз өте қиын, білемін. Сондықтан сіздерге Алла жар болсыншы. Өмір жастарыңыз ұзақ болып, жұмыстарыңызда табысқа жете беріңіздер», – деп өзінің аналық ақ тілегін жеткізді.

Мұндай тағылымды кездесулер, басқосулар тәртіп сақшылары тарапынан алдағы күндері де өз жалғасын табады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру