Полицейлер Ақмола облысында ТҚС-ны тонаған елорда тұрғынын ұстады
Полицейлер Ақмола облысында ТҚС-ны тонаған елорда тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Талапкер кентінде орналасқан ТҚС-ны тонау фактісі бойынша Целиноград ауданының полиция бөліміне өтініш 24 шілдеде келіп түсті. Елорда тұрғыны болып табылатын автошеберхана иесінің айтуынша, 19 шілдеден бастап белгісіз тұлғалар ТҚС-ның үй-жайына кіріп, мүлікті ұрлап әкеткен, атап айтқанда: 2 автокөтергіш, гидравликалық пресс, кран-гусак, компрессор және гидравликалық тіреу. Қаскүнемдер келтірген залалды өтініш беруші 2,8 миллион теңгеге бағалады.
Өтініш түскеннен соң бірден полицейлер ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастап, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге кірісті.
Оқиға болған жерді тексеру кезінде мамандар ТҚС үй-жайына қарақшылар терезе ойығы арқылы кіргенін, ал ұрланған заттарды автокөлікпен әкеткенін анықтады. Күдіктілерді іздеу үшін полиция Альфа атты қызметтік итті тартты.
Тәртіп сақшылары бір тәулік ішінде жедел шаралар кешенін өткізді, нәтижесінде елорданың 45 жастағы тұрғыны анықталды.
Қазіргі уақытта ұрланған заттар табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, ер адам бұған дейін соты болмағаны, ал қылмысқа бірден көп ақшаға ие болу үшін барғаны белгілі болды.
Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.