Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер ауылдасының су сорғыш аппаратын ұрлаған тұрғынды анықтады

Түркістан облысының полицейлері ауылдасының су сорғыш аппаратын ұрлаған тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, оның үйінің ауласында тұрған су сорғыш аппаратын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Тұрғынға келген шығын көлемі – 35 мың теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды. 

Тәжірибелі тәртіп сақшылары хабар алысымен оқиға орнына бірден шықты. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын мұқият қарады. Нәтижесінде бөтеннің мүлкін жымқырған жергілікті тұрғын, жас жігіт болып шықты.

Анықталғандай, сезікті ер адам ішімдік алу мақсатында осындай қадамға барған. Ол жәбірленушінің ауласында ешкім жоқтығын пайдаланып, қоршауынан асып түскен. Содан қолына ілінген затты жымқырып, жолай өзіне таныс емес адамға сатып кеткен. Ал ақшасын жаратып жіберген.

Полицейлер оның сатқан затын айғақты зат ретінде алып, заңды иесіне қайтарып берді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру