Полицейлер бірнеше велосипедтің ұрлығына қатысы бар елордалық азаматты ұстады
Полицейлер бірнеше велосипедтің ұрлығына қатысы бар елордалық азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жазғы маусымның басталуына орай қала аумағында екі доңғалақты көлік ұрлықтарының саны артты. Тәртіп сақшылары қала тұрғындарына Астанада велосипед ұрлығының жиілеп кеткендігі туралы ескертеді және қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады.
Велосипед жақтауларындағы белгілерін міндетті түрде енгізіп, оны кіреберістерде, дүкендердің жанында және қала саябақтарында қараусыз қалдырмаңыз, сенімді велосипед құлыптарын пайдаланыңыз.
Жақында Байқоңыр аудандық ПБ полицейлері елорданың 30 жастағы тұрғынын қолға түсіріп, оның велосипед ұрлығының үш дерегіне қатысы бар екендігін анықтады. Бір ұрлығында ол күндізгі уақытта тұрғын үйлердің ауласында бола тұра, көпқабатты үйдің 1-қабатында тұрған құны 80 мың теңгелік IKS-ZET маркалы велосипедті қолды еткен.
Полиция қызметкерлеріне кіреберістегі бейнежазба шабуылдаушы белгілеп берді.
Ер адам кінәсін мойындады.
Оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Оның тағы 2 қылмысқа қатысы бар екендігі де дәлелденді. Велосипедтер тәркіленіп, иелеріне қайтарылды.