Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер емхана қызметкерлерімен терроризмге қарсы дайындық бойынша семинар өткізді

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері №7 қалалық емхана ШЖҚ МКК қызметкерлерімен семинар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семинар тақырыбы «Терроризм актісі нәтижесінде пайда болған техногендік сипаттағы қауіп-қатерлерді жою кезінде, күдікті зат табылған кездегі қызметкерлердің іс-әрекеттері».

Кездесу барысында төтенше жағдайлар кезінде тұрғындардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша құқыққа қарсы әрекет жасағаны үшін жауапкершіліктің қарастырылатыны туралы айтылды.

Бұл ұсынымдар адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға және төтенше жағдайларда алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруға көмектесуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру