Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер есірткі сатушыны ұстады

 Ленгір қаласы тұрғындарының бірі есірткі затын сататыны туралы Төлеби АПБ-нің кезекші бөлімге ер азамат арыз түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Төлеби АПБ-нің кезекші бөліміне ер азамат арызданып, Ленгір қаласы
тұрғындарының бірі есірткі заттарын таратумен айналысатынын хабарлады.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабының “есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол
тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау,
тасымалдау, жөнелту немесе сату” бойынша СДТТБТ-не тіркелді.

Төлеби АПБ-нің полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 6
мың теңге көлемінде есірткі затын сатқан күдіктіні құрықтады. Ол Ленгір қаласының
тұрғыны болып шықты.

Айғақты зат ретінде алынған есірткі затының жалпы салмағы 40 граммнан
асатын “кептірілген марихуана” екені анықталды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлері ұсталған күдіктінің басқа да осыған
ұқсас қылмыстарға қатысы барын анықтауда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға зиянды әдеттерден және есірткі
тұтынудан бас тартуды ұсынады. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын салауатты
өмір салтын ұстануға шақырады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру