Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер кеңсе техникасын ұрлаған күдіктіні ұстады

Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында принтер ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеп-тексеру барысында 24 жастағы жас жігіттің елорда мейрамханаларының бірінде жұмыс істеп, құны 100 мың теңге тұратын «НР» маркалы принтерді ұрлағаны және оны ломбардқа өткізгені анықталды.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Жас жігіт қылмысын мойындады, заттай айғақ тәркіленді, оның бұған дейін елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру