Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер “Кибер-шериф” жүйесінің көмегімен 1,5 млн теңге қарызы бар көлікті анықтады

Түркістан облысының полицейлері “Кибер-шериф” жүйесінің көмегімен 1,5 млн теңге қарызы бар көлікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД ЖПҚ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол ережесін бұзушыларды анықтау бойынша профилактикалық іс-шаралар аясында салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарған көлік иесін анықтады.

Мәселен, полиция қызметкерлері Шымкент – Самара тас жолында қызмет атқару кезінде “Кибер-шериф” автоматты жүйесінің көмегімен Түркістан облысының тұрғынының басқаруындағы Volkswagen Passat көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде аталған автокөліктің сот орындаушысының қаулысына сәйкес, жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеге жуық төленбеген айыппұл бойынша берешегі бары анықталды.

Тәртіп сақшылары Volkswagen Passat автокөлігін айыптұраққа қойып, жүргізушімен берешекті уақытылы төлеу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түркістан облысының полицейлері соңғы үш тәулікте “Кибер-шериф” автоматты жүйесінің көмегімен облыс жолдарында 600-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру