Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер күшейтілген режимге көшті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ел аумағында төтенше жағдай енгізілгені белгілі.

“Аймақта құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шаралар күшейтілді. Кезекшілікке түсетін жасақтар саны артты. Петропавл қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге барлығы 200-ден астам адам, оның ішінде әскери қызметшілер де тартылды”, – дейді СҚО ПД басшысының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

Көші-қон қызметі орталығында төлқұжат дайындауға қатысты өтініштердің көп болуына байланысты жұмыс орындары көбейтілді. Тек өткен демалыс күндері 200-ден астам солтүстікқазақстандық тұрғын мемлекеттік қызметті алуа ниет білдірді.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты ел ішінде коронавирустың таралуына қатысты жалған ақпараттар да тарап кетіп жатыр. Тәртіп сақшылары ондай жағдайға жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Осындай заң бұзушылықтар үшін бір айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру, шектеу түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделеді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру