Полицейлер Петропавл тұрғынынан марихуана мен өсімдіктерді егіп-өсіруге арналған құрылғыларды алды
Полицейлер Петропавл тұрғынынан марихуана мен өсімдіктерді егіп-өсіруге арналған құрылғыларды алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс істеуде.
Қазан айының басында Петропавлда жедел уәкілдер пәтерінен өсімдіктерді егіп-өсіруге арналған құрылғылар мен салмағы 1 килограмдай болатын марихуана бұтасы алынған 29 жастағы қалалықты ұстады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
– Күдіктінің сөзінше, марихуананы өзі пайдалану үшін өсірген, – дейді СҚО ПД ЕҚҚІҚБ бастығының міндетін атқарушы Иван Терзиди. Жыл басынан облыста173 есірткі қылмысы тіркелді, оның 40 фактісі – сату, 15-і – аса ірі көлемде сақтау, төртеуі – құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді егіп-өсіру. Заңсыз айналымнан 409 кг-дан астам есірткі алынды, оның 4 кг.190 гр. гашиш және 4 кг. 299 гр. синтетикалық есірткі.