Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының аумағында “Нелегал-Кордон” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтті

Ақтөбе облысының аумағында “Нелегал-Кордон” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ көші-қон саласында делдалдық қызмет көрсететін азаматтар тарапынан құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу және олардың жолын кесу мақсатында ағымдағы жылғы 11-18 қазан аралығында Ақтөбе облысының аумағында “Нелегал-Кордон” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтті.

Аталған “Нелегал-Кордон” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін мыңнан астам шетелдік пен ҚР азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 40-тан астам шетел азаматы Қазақстан Республикасының шегінен шығарылды.

ҚР азаматының Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бірнеше рет бұзуының бір фактісі анықталды, осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ Тәжікстан Республикасының азаматтарына (заңсыз көшіп-қонушыға) тұрғын үй ұсыну арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың екі фактісі анықталды. Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аталған жедел-алдын алу іс-шарасының аяқталғанына қарамастан, полиция қызметкерлері уәкілетті органның рұқсатынсыз шетелдік азаматтардың еңбек қызметін жүзеге асыру бойынша бұзушылықтарды анықтау үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізіп жатқанын атап өткіміз келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру