Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы ПД бастығы республикалық байқау жеңімпазын марапаттады

Ақтөбе облысының департамент басшылығы республикалық байқау жеңімпазын марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Әлиев республикалық байқауда бас жүлдені иеленген полиция капитаны Александр Борисовқа Ішкі істер министрлігінің “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалі мен “Алғыс” статуэткасын табыстады.

Байқау Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Білім және ғылым министрлігімен этнос өкілдері арасында патриоттық тақырыпта өткізіліп, мемлекеттік тілді жетік білетін арнайы жасақтың жауынгері, полиция капитаны Александр Борисов үздік деп танылған болатын.

Александр Ақтөбе полициясының айбынды қызметкері ғана емес, самбодан, қазақша күрестен және әмбебап жекпе-жектен бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, Әлем кубогының және Азия чемпионатының күміс жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Бір бойынан бар өнер табылатын сегіз қырлы, бір сырлы палуан полицейге полиция полковнигі Қанат Әлиев Отанымызды қорғау жолындағы қызметіне сәттілік тілеп, полицияның имиджін көтеру, тәуелсіздігіміздің тұғырлығын насихаттауға қосқан үлесі үшін ІІМ мен ПД басшылығы атынан алғысын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру