Полицейлер қарағандылық тұрғынның үш ай бұрын ұрланған автокөлігін тапты
Полицейлер қарағандылық тұрғынның үш ай бұрын ұрланған автокөлігін тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4-ші мамырда Қарағанды қаласының ПБ Киров полиция бөліміне 26 жастағы қала тұрғынынан өтініш келіп түсті. Анықталғандай, ол кешкілік жұмыстан келген соң, үйдің ауласына автокөлігін қойған. Күнделікті таңертен жұмыстарымен шықпақшы болғанда, көлігінің жоқ екенін көрген.
Шығын сомасын жәбірленуші 800 мың теңгеге бағалады. Бұл жағдай оған қаттырақ батты, себебі жеке кәсіппен айналысатын оған көліктің қажеттілігі маңызды болды.
Полиция бөлімінде аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалды полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Нұр-Сұлтан қаласының 21 жастағы тұрғыны екен.
24 шілдеде тәртіп сақшылары астанада жүргізілген жұмыстар барысында кінәсін толық мойындаған күдіктіні ұстады. Ұрланған автокөлік жәбірленуші тарапқа қайтарылды. Тергеу жүргізілуде.
Қазіргі уақытта полицейлер оның осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.