Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола жолдарында жануарлардың макеттері пайда болды

Ақмола жолдарында жануарлардың макеттері пайда болды. Мұндай шара үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға арналған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 шілде мен 18 тамыз аралығында ақмолалық тәртіп сақшылары ЖКО санын азайтуға және жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында жұмыс істейді.

Патрульдік полиция экипаждарының, әкімшілік полиция бөлімшелерінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарын анықтаумен қатар, облыстық, сондай-ақ республикалық және халықаралық маңызы бар трассаларда ЖКО-ға жол бермеу және жүргізушілерді авариялық-қауіпті учаскелер туралы ескерту бөлігінде үлкен жұмыс жүргізілуде.

Мәселен, өткен аптада Ақмола жолдарында малдың қатысуымен болатын ЖКО-ның алдын алуға арналған 13 үй жануарларының макеті пайда болды. Мұндай макеттер Атбасар, Жақсы, Жарқайың, Ерейментау, Сандықтау, Зеренді және Целиноград аудандарының аумағында орнатылған. Айта кету керек, осы айдың соңына қарай тәртіп сақшылары осындай 43 макетті орнатуды жоспарлап отыр.

Авариялық-қауіпті учаскелер туралы жүргізушілерді арнайы тақырыптық биллбордтар, сондай-ақ шу жолақтары да ескертеді.

Жаяу жүргіншілердің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының санын азайту үшін тәртіп сақшыларының бастамасы бойынша облыста жаяу жүргіншілерге арналған проекциялық өткелдер пайда болды. Бүгінгі таңда олардың 5-і жұмыс істеп тұр, олар «Щучинск-Бурабай» автожолында, «Екатеринбург-Алматы» тас жолының екі учаскесінде, сондай-ақ Қосшы қаласында және Көкшетау қаласының Әуезов көшесінде орналасқан. Тамыз айында облыс орталығында тағы 4 жаяу жүргіншілер өткелі пайда болады: Абай, Сүлейменов, Кенесары көшелерінде және «Боровской» және «Юбилейный» шағын аудандары аралығында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру