Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды полицейлері кафеге келушілердің екі ұрлығын ашты

Қарағанды полицейлері кафеге келушілердің екі ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 шілдеде Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне 34 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ол кешкілік кафеге барған. Бір сәтте ол далаға шығып кеткен кезде, ұялы телефонын бірнеше минутқа қараусыз қалдырған. Біреу соны пайдаланып, 100 мың теңге тұратын ұялы телефонды қолды қылған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 57 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Ұялы телефон алынып, жәбірленушіге қайтарылды.

Сол күні басқа көңіл көтеретін орында Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері ұялы телефонды ұрлады деген күдікпен 47 жастағы әйелді ұстады. Ол әйел 13 шілде күні кафелердің бірінде үстелдің үстінде қараусыз қалған біреудің сөмкесін байқаған. Ешкімнің жоғын біле тұра, сөмкені ақтарып, ішінен ұялы телефонды алып кеткен. 24 жастағы жәбірленуші шығын сомасын 62 мың теңгеге бағалады. Күдікті кінәсін толық мойындады.

Екі факті бойынша полицияда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру