Маңғыстау облысында «Түнгі тексеріс» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Маңғыстау облысында «Түнгі тексеріс» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробация қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, есепте тұрғандардың үйлерінен тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Аталған іс-шараның мақсаты – пробация есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандарды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеру.
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметкерлері жазасын өтеу кезінде жаза өтеу шарттары мен тәртібін бұзбауға, қайта қылмыс жасамауға, сотпен жүктелген міндеттерді орындауға, белгіленген бақылау тәртібін бұзбауға, қоғамдық тәртіпке, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға қол сұғатын және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласында әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар жасамауға шақырды.
«Түнгі тексеріс» шілде айының 31-не дейін жалғасады.