Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан Петропавл полицейлері 49 маскүнемді мәжбүрлеп емделуге жіберді

Жыл басынан Петропавл полицейлері 49 маскүнемді мәжбүрлеп емделуге жіберді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл полицейлері масаң күйде жанжал шығару фактілері бойынша 57 жастағы қалалықтың әйелі мен қызынан келіп түскен шағымдарға бірнеше рет ден қойған. Әйелінің арызы бойынша жанжалқойды мәжбүрлеп емделуге жіберу рәсімі басталған. Медициналық комиссиядан өткен ер адам қаладан кетіп қалып, облыс аудандарының бірінде ұзақ уақыт бойы жасырынған. Кейін үйіне оралғаннан кейін қайта комиссиядан өтуге тура келген. Ол комиссиядан жалтарған.

Учаскелік полиция инспекторы оны дәрігерлердің қарауына отбасыда жанжал шығарғаны үшін әкімшілік қамақты өтеген кездері апарып жүрген. Нәтижесінде, ол сот шешімі бойынша мәжбүрлеп емдеудің наркологиялық ұйымына жіберілді.

– Бұл маскүнемдердің түзелуіне ықпал ететін бірден бір шара. Тұрмыс саласында құқық бұзушылықтар қайталанып жасалса, бұл мәжбүрлеп емделуге жіберуге негіз бола алады, бірақ жағдайды бұған жеткізбеген жөн. Мас жанжалқойлардың әрекеті ертелі-кеш тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне алып келеді, соңы ауыр қылмыспен аяқталуы мүмкін. Ащы суға тәуелді жандардың жақындары бұған тосқауыл бола алады. Маскүнемдердің түзелемін деген уәдесі бос сөз екенін түсінген жөн. Бұндай адамдарға мамандардың көмегі қажет, – деді Петропавл қалалық ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Рустам Садулов.

Жыл басынан Петропавл полицейлері 49 адамды маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру