Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жер телімінің құжатын жасап беремін”: Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды алдаған ер адамды ұстады

Түркістан облысының полицейлері жер телімінің құжатын жасап беремін деп тұрғындарды алдаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, алыс танысы жер телімінің құжаттарын жасап беретінін айтып, 1,1 млн теңге ақшасын алған. Жәбірленуші жарты жыл бойы алаяқтың сөзіне сенген, алайда ол не ақшасын қайтармаған, не құжатын жасамаған. Осы мәселенің түйінін шешу мақсатында жәбірленуші азамат полицейлердің көмегіне жүгінді.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚҚ-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.

Түркістан ҚПБ-ның полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған ер азаматты жергілікті мекенжайынан ұстады. Оны бірден басқармаға жеткізді. Күдікті Сауран ауданының тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, күдіктінің бұдан басқа үш жайтқа қатыстылығы анықталды. Жәбірленушілердің әрқайсысынан 600 мың мен 400 мың теңге аралығында ақша алып, жалпы 3 млн теңгеге шығын келтірген. Сондай-ақ, полицейлер күдіктінің еш жерде жұмыс істемейтінін растады. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру