Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер СҚО ауыл тұрғынынан ойық ұңғылы мылтық тәркіледі

Полицейлер СҚО ауыл тұрғынынан ойық ұңғылы мылтық тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамлют ауданының ПБ қызметкерлері тексеріс барысында 44 жастағы ауыл тұрғынынан заңсыз сақталған ойық ұңғылы 1958 жылы шығарылған “Белка” мылтығын тәркіледі. Ер адам оны орманнан тауып алғанын айтқан. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-б. (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қару сараптамаға жіберілді. Ер адамға ірі мөлшерде айыппұл салынбақ немесе бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тартылмақ.

– Қылмыстық жауапкершілікке тартылмау үшін, тауып алған қаруды кешіктірмей жақын маңдағы полиция бөлімшесіне тапсыруға болатын еді, — дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров. — Есте сақтаған жөн: қаруды ерікті түрде тапсыру қылмыстық және әкімшілік заңнаманың қолданылуына әкелмейді. Айта кететін болсақ, 20 сәуірден облыста заңсыз сақталған атыс қаруды, травматикалық қару мен оқ-дәрілерді ерікті-ақылы тапсыру жөніндегі акция бастау алады. Акцияның мақсаты — қарулы қылмыстың алдын алу.

Тапсырылған қару тиісті тексерістен өтіп, комиссиямен бағаланады. Төлем сомасы оның жағдайы мен атуға жарамдылығына байланысты болады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, солтүстікқазақстандықтардың дені тіркелмеген аңшы қаруын тапсыруда.

Олар үшін төлем – 30 айлық есептік көрсеткіш немесе 61 мың теңге. Акцияның өткізілуі жайлы толығырақ ақпаратты жақын маңдағы полиция бөлімшесіне жүгініп, алуға болады.

Акцияны өткізуге 1,5 миллион теңге бөлінді. Полицейлер мұндай акцияның соңғы рет өткізіліп жатқанын, келесі жылға заңсыз сақталған қаруды сатып алуға қаражат қарастырылмағанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру