Полицейлер ұрланған көлікті қарағандылық әйелге қайтарды
Полицейлер ұрланған көлікті қарағандылық әйелге қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 тамызда 27 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне жүгінді. Белгісіз біреу көлікті ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион 400 мың теңгені құрады.
Белгілі болғандай, жәбірленуші базарлардың біріне келіп, көлікті автотұраққа қалдырып кеткен. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
15 қыркүйекте жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді – 22 және 24 жастағы екі жас жігітті ұстады. Ұрланған көлік тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Қазірі уақытта тергеу жүріп жатыр.