Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық әйел құрбысының алтын бұйымдарын ұрлап кетті

Түркістан полицейлері құрбысының алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келді. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, жатын бөлмесіндегі өзіне тиесілі алтын сырғасын белгісіз біреу ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 300 мың теңгеге жуық. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Түркістан ҚПБ-ның полицейлері осы ұрлық жайтын ашу мақсатында оқиға орнына тез арада келіп, қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аймақтарды мұқият тексеріп шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Соның нәтижесінде күдіктінің тұрғылықты мекенжайы анықталып, үйінен ұсталды. Ол Сауран ауданының тұрғыны жәбірленушінің құрбысы болып шықты.

Белгілі болғандай, жәбірленуші үйіне өз құрбысын қонаққа шақырған. Содан соң құрбысы айналасында ешкімнің жоқтығын көріп, жатын бөлмеде тұрған сырғаны көріп өз арам ойын жүзеге асырған. Күдікті азаматша қолды болған заттарды Сауран ауданындағы алтын бұйымдар сататын базарға алып барып, сатып жіберген. Ал ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері ұрлық қылмысының алдын алу үшін, сауда орындарына, ғимараттарға, үйлеріңізге бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Сонымен қатар дүкенді ашық күйде қалдырмай, есік-терезелердің жабылғанына толық көз жеткізіп алуды ескертеді. Ұрлық орын алған сәтте, тез арада полицияның “102” телефоны арқылы хабарласыңыздар!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру