Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер жалғыз басты зейнеткерге көмек көрсетті

ОВ-156/16 мекемесінің қызметкерлері Семей қаласының тұрғыны, жалғыз басты зейнеткерге ауласының қарын тазалауға көмектесті,-деп хабарлайды Polisіa.kz тілшісі.

ОВ-156/16 мекемесінің қызметкерлері Семей қаласының тұрғыны, жалғыз басты зейнеткердің ауласының қарын тазалады. Сондай-ақ, олар ауланы қардан тазартып, ағаштарды ретке келтіріп, көмірін дайындады.

81 жастағы Боговиз Валентина Калистратовнаның жақын туыстары жоқ, жұбайынан 20 жыл бұрын айырылған, үй мен аула шаруашылығын өзі реттейді.Жазда зейнеткер өз қолымен бақшасына көкөністер мен жидектер отырғызады.Содан соң, ауласында отырып соны сатып, дәрі-дәрмектерін, керек-жарақтарын алады.

Қарт әйел полиция қызметкерлеріне қар жауғаннан кейін қажетті көмек көрсеткендері үшін алғысын білдірдірді.

«Біз демалыс күні жалғыз басты әжеге көмек көрсете алдық, сондай-ақ жеке сектордың тұрғындарына іргелес аумақты тазалау қажеттілігі туралы үлгі бердік», – дейді ОВ156/16 мекемесі кезекші қызметі мекемесі бастығының көмекшісі,әділет майоры Уәлихан Қалиханұлы.

-Біздің мысалымыз жақсы үлгі болып шықты: көшенің көптеген тұрғындары күрек алып,іске кірісті. Бұл құқық қорғау органдары қызметкерлері жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады.

Көмек артық болмайды, біз бір мезгілде округте жалғыз тұратын басқа адамдар туралы да сұрастырдық, одан соң олардың үйлерінің айналасындағы қарды тазаладық, – дейді мекеме бастығы әділет майоры әділет Мұсратұлы.

«Біз енді мұндай жағдайларды ескереміз және жыл сайын кезекшіліктен бос уақытта қарды өз бетімен тазалайтын жалғыз басты және қарт адамдарға көмектесетін боламыз».

Мұқтаждарға көмектесу-игі іс. Ең бастысы, бұл көмек шын мәнінде қажет адамдарға уақытында көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру