Күшті әсер ететін заттарды сату,насихаттау-жауапкершілікке тартылады
Қарағанды облысында есірткі және күшті әсер ететін заттарды сатып,насихаттаған тұлғалар жауапкершілікке тартылу ісі басталды,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.
Қазіргі таңда елімізде интернет-ресурстар, суреттер салу, жазу арқылы есірткі мен күшті әсер ететін заттарды сату және насихаттау фактілері көбейіп жатыр. Осындай фактілердің көбеюіне орай, Қарағанды қаласының Полиция бөлімшесі орталық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткіге жарнама жасағандарды іздеуге кіріскен болатын.
Жұмыстарының нәтижесінде жуырда тұрғын үй-ғимараттарының қабырғаларында есірткі және психотроптық заттарға трафеттер және қара бояудың көмегімен жарнама жасаған 22 жастағы және 19 жастағы азаматтар ұсталды. Заңнамаға сәйкес «суретшілер» жауапкершілікке тартылады. Осы жаман әдетті тоқтатуға қанша тырыссақ та, оған үйір жастар саны әлі де болса азаймай келеді. Ал осының түпкі тамырын анықтап, жою құзырлы органдармен бірге, әр адамның азаматтық борышы деп білуіміз керек.
Күдікті тұлғалардың кез-келген заңсыз әрі күдікті іс-әрекеттерін байқасаңыздар «102» нөмеріне полиция қызметкерлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз.