Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде 4 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды

5-ақпанда Ақтөбе қаласында Н.Шәйкенов-М. Маметова көшелерінің қиылысында 4 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

“Лада Гранта” маркалы автокөлігінің жүргізушісі Әбілқайыр хан даңғылынан – 312 Атқыштар Дивизиясы даңғылына қарай қозғала отырып, “жол бойындағы қозғалыс бағыты” жол белгісінің талабын бұзып, қарсы бағытқа арналған жолаққа шығып кетіп, “Тойота Камри”автокөлігімен соқтығысқан.

“Тойота Камри” автокөлігі соқтығысe cалдарынан қозғалыс бағытын өзгертіп, “Daewoo Nexia”маркалы автокөлігімен барып түйген.

“Лада Гранта” маркалы автокөлігі соқтығысқаннан кейін қозғалыс бағытын өзгертіп, “ZAZ Chance” маркалы автокөлігіне барып түйіскен.

Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде 2 адам әртүрлі дене жарақатын алып, Ақтөбе қаласының ауруханасына жатқызылды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті облыс орталығының көше-жол желісінде қысқы кезеңде жол белгісі әрдайым көрінбейтінін еске салады, осыған байланысты жүргізушілерден сақ болуды және қиылыстарда 5.8.8 “жолақтар бойынша қозғалыс бағыты” жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұрайды.

Облыс орталығының үш қиылысында (Ә. Молдағұлова даңғылы-Әбілқайыр хан даңғылы, Ә. Молдағұлова даңғылы-С. Бәйішев көшесі және М. Мәметова көшесі-Шәйкенов көшесі) жол жүру қабілетін арттыру мақсатында сол бағытқа қозғалыс үшін қосымша жолақтар енгізілді.

Осыған байланысты, полиция департаменті тағы да жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігін, сондай – ақ жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру