Полицейлер жаз мезгілінде пәтер ұрыларынан үй-жайларын қалай қорғауға болатыны жайлы айтты
Полицейлер жаз мезгілінде пәтер ұрыларынан үй-жайларын қалай қорғауға болатыны жайлы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Пәтер ұрлықтарының профилактикасы, консультативтік көмек көрсету, байланыс нөмірлерімен алмасу – облыстық және қалалық полиция қызметкерлері «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында облыс орталығы халқымен жиналыстар өткізді. Жазғы демалыстар қарсаңында тәртіп сақшылары қалалықтарға ұрылардан қалай сақтануға болатындығы жайлы айтты.
Жиналыстардың бірі, барлық санитарлық нормаларды сақтай отыра, Жуков көшесіндегі 5-үйдің ауласында өтті. Тұрғындарға аталған әкімшілік учаскеге қызмет көрсететін жаңа учаскелік полиция инспекторы таныстырылды, толғандырған мәселелер сұрастырылды, сондай-ақ пәтер ұрлықтарын алдын алу бойынша шаралар туралы ақпарат берілді. Полицейлердің ақпаратынша, бүгінгі күні пәтерлерді жеке күзет ұйымдарының ортандықтырылған пультіне шығарумен күзетке қосу – аталған қылмыс түріне қарсы іс-қимыл бойынша тиімді шара болып табылады. Адамдарға күзетке қосылудың алгоритмі, жеңілдіктер туралы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, байланыс телефондары таратылды. Шағын аудан тұрғындары пайдалы кеңестері үшін алғыстарын білдіріп, учаскелік полиция инспекторларынан жақын маңдағы гараждар сыртында қыдыратын жасөспірімдерге назар аударуларын сұрады. Осындай жиналыстар қаланың басқа да аудандарында ұйымдастырылды. Басты міндет – өз мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы ескерту.
СҚО ПД Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Руслан Даньяров айтуынша, жаз келісімен пәтер ұрыларының бас көтере бастайды. Қаскөйлер ұзақ уақыт бойы ақпарат жинап, мұқият дайындалып, ондаған минутта пәтерге бас сұғып, барлық құнды заттарды қолды қылуы мүмкін. Облыста тіркелген қылмыстардың дені мүліктердің ұрлануы. СҚО-да төрт айда 196 пәтер ұрлығы тіркелді. Қылмысты ашу 80,5% құрады. Облыста орталықтандырылған бақылау пульті арқылы 995 пәтер мен мен жеке үй күзетіледі. 15 ұйым орталықтандырылған бақылау пульті арқылы облыс орталығында және алты аудан орталығында: Тайынша, Саумалкөл, Новоишимское, Булаево, Мамлютка мен Бескөлде пәтерлерді күзету жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Жыл басынан жеке күзет ұйымдары күзететін жеке меншік үйлердің бірде-біреуіне пәтер ұрысы қол сұққан жоқ.
Пәтерлер мен үйлерді орталықтандырылған бақылау пультіне қосу бойынша толығырақ ақпаратты полицейлер СҚО ПД Күзет қызметін бақылау бөліміне келесі телефондарға: 8 (7152) 61-26-23, 61-26-36, немесе 61-26-71 жүгінуге кеңес береді.