Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлерге алғыс молынан!

Бүгін 23 маусым тәулік бойы қоғамдық тәртіптің тыныш өтуіне жауапты қызмет атқарушы, ел қауіпсіздігін өз өмірінен артық ойлап тұратын еліміздің сақшылары болған «Полицейлер күні». 2007 жылдың 5 маусымы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды – Полиция күні деп бекіткен болатын. Яғни, бұл күн тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосқан ардагерлерге және осы қатарда еңбек етіп жүрген қызметкерлерге, қызметтік парызын өтеуде өмірін қиғандарға ризашылық пен алғыс білдіру күні болып саналады. Мемлекетімізде болып жатқан кез келген оқиғада біздің сақшыларымыздың атқарар рөлі көп десекте қателеспейміз. Осындай айтулы күні елімізде полицейлерімізге арналған мерекелік іс-шара, концерттер аталып өтілуі тиіс болатын . Алайда, бәрімізге түсінікті жәйт болған індеттің салдарынан бұл іс-шаралардың дүркіреп өтуі бұл жылға бұйырмапты. Елі үшін жан қиып, жауға дес беретін қаһармандарымыздың ерлігін ешқашан естен шығармауымыз керек. Керегеміз кең, тереземіз тең, айтып келмес індеттен аман-есен құтылып, бейбіт өмірге ертерек оралайық!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру