Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер жол жиегіне шығып кеткен жүргізушіге көмек көрсетті

Түркістан облысының полицейлері жол жиегіне шығып кеткен жүргізушіге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін сағат 00:10 шамасында ауа райы нашарлап, қалың қар жаууына байланысты Алматы – Ташкент – Термез тас жолының 743-шықырымында Audi-100 көлігі жол жиегіне шығып кеткен.

Көліктің қарға батып, жолдан шығып кеткенін патрульдеу бағыттары бойынша қызмет атқарып жүрген Түркістан облысы ПД ЖПҚБ ППБ-ның қызмет инспекторлары Бақыт Оразбаев пен аға Нұрсұлтан Сайымкулов байқап қалады. Содан тәртіп сақшылары бірден әрекет етіп, автокөлік иесіне көмектеседі. 

Осылайша тәртіп сақшылары автокөлікті жол ортасына сүйреп шығарып, жүргізушінің алғысын алды.

– Қардың қалың түсуіне байланысты жолдың шетіне шығып кеттім. Ал полиция қызметкерлері дереу қолғабыс етіп, көлігімді қауіпсіз жерге тартып шығарды. Алла разы болсын, еңбектеріңіз жана берсін, – деді тұрғын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру