Полиция департаменті үміткерлерді қызметке шақырды
Атырау облысының Полиция департаменті бос лауазымдарды жасақтау мақсатында үміткерлерді қызметке шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының бастығы Үмбет Сыдихов бос орындарға үміткерлерді іріктеу мақсатында ZOOM платформасы арқылы ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 4-курс курсанттарымен онлайн-кездесу өткізді.
Әңгімелесу барысында Ү.Сыдихов курсанттарға Атырау полициясының қызмет ерекшеліктері мен артықшылықтары, материалдық-техникалық базаның жабдықталуы туралы айтып, сұрақтарға жауап берді.