Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан бері жеті мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Павлодарлық полицейлер жыл басынан бері алкогольге қатысты жеті мыңнан астам деректі анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың кезекті фактісін полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында анықтады. Павлодар қаласында Камзин көшесіндегі сауда үйінің бутиктерінің бірінде күндізгі сағат 11.20-да сатушы сатып алушыға сыйымдылығы 0.5 литр болатын бір бөтелке арақ сатты. Дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі (Тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру) бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, – деді Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Полиция қызметкерлері бұл бағыттағы құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған іс-шаралар тұрақты негізде жүргізілетінін түсіндірді.

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың 309 дерегін, қоғамдық орындарда мас күйінде болған 7 333 адамды анықтады.

Полиция департаментінде атап өткендей, кейбір сауда нүктелері табыс табу мақсатында алкогольді ішімдіктерді лицензиясыз сатқан. 2020 жылы полиция қызметкерлері осындай 111 фактіні анықтады, кінәлі тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактілерінің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзуға жол беру фактілері туралы полицияға “102” телефоны бойынша хабарлауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру