Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция есірткі қойып кетушіден мефедронның 200-ден астам дозасын тәркіледі

Түркістан облысында полиция скутер мінген жігіттен мефедронның 200-ден астам дозасын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полициясы жедел-іздестіру шаралары барысында, синтетикалық есірткі қойып кетуші Шымкент қаласының тұрғынын ұстады.

Жедел уәкілдер скутер мінген жігітті тексеру кезінде, Шымкент қаласы тұрғынының сөмкесі мен қалтасынан 130-дан астам синтетикалық есірткі салынған ораманы тапты.

Ал үйін тінту кезінде «синтетикаға», сондай-ақ гашиш пен марихуанаға ұқсас ұнтақ заты бар 8 ораманы тәркіледі. Полиция қызметкерлері тәркілеп алған синтетикалық есірткі мефедронның 200 дозасын құрайды.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамалды. Тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру