Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Із-түссіз жоғалып кеткен әйел Астанадан табылды

Астанада із-түссіз жоғалып кеткен қырғызстандық әйел табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында әйелдің жеке басын тексеру үшін полицияға жеткізілген болатын.

36 жастағы әйел Қырғызстанның тумасы екені анықталды. 2014 жылы Қазақстанға келген, сол уақыттан бері туыстарымен, достарымен байланысын үзген.

Астаналық полицейлер Қырғызстан елшілігімен бірлесе отырып азаматшаның туған ағасын табуға көмектесті.

Қырғызстан елшілігі ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін және әртүрлі себептермен Қазақстан Республикасында қиын өмірлік жағдайға тап болған Қырғызстан азаматтарына көрсетілген үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру